Уттар-Прадеш қаласында осы уақытқа дейін суық тиюден 61 көз жұмған адам тіркелді. Олардың көбісі - панасыз қалған қарттар мен кедейлер.
Елдің шығыс штаты Бихарда ауа райы температурасының күрт төмендеуінен 25 желтоқсанға дейін мектептегі сабақтар тоқтатылған көрінеді. Картил ауданында осы ел үшін өте суық болып табылатын ауа райының температурасы 12 градусқа дейін төмендеген. Штаттың астанасы - Сринагорда бар жоғы нөл градус, дегенмен су қатып қалған. Нью-Дели қаласында аптаның басынан әр таң сайын болатын қалың тұман көліктің қозғалысына кедергі келтіріп тұр. Сонымен бірге, тұманның кесірінен пойыздардың жүру кестесі өзгерген.