Ғалымдардың экспериментіне 600-ден астам жүкті әйел қатысқан. Аяғы ауыр кезінде барынша көп жеміс-жидек жеген әйелдердің сәбилері ұғымтал, зерек болып өскен. Ауқымды эксперимент аясында мұндай бүлдіршіндердің өз қатарластарынан әлдеқайда ақылды болатындығы анықталды.
Мамандар әйелдердің жүктілігін және жеген тағамдарын мұқият бақылады. Кейінірек, дүниеге келген сәбилерді де жіті қадағалауға алды.