Жұмыс авторлары - Барбара Шукитт-Хейл мен Маршалл Миллердің айтуынша, жемістерді күнделікті тұтыну мидың қартаюын тежеуге көмектеседі. Мамандар мұндай пікірге жемістер құрылымын жасушалық деңгейде талдау, сондай-ақ адамдар мен жануарларға жасалған тәжірибе нәтижесінде келіп отыр.
Жемістерді пайдалану ми жасушаларының сырқатқа шалдықпауына жәрдемдеседі. Өйткені жемістерде антиоксиданттар деңгейі жоғары, олар жасаушаларды зақымданудан сақтайды. Сонымен қатар жемістерде бас миы жасушаларының өзара әрекеттесуін өзгертетін заттар бар. Ал бұл бас миы қабынуының, соның әсерінен нейрондардың зақымдануының алдын алады және егде жастағы адамдардың өздерін сергеу ұстауын жақсартады.
Ғалымдардың зерттеуі ACS' Journal of Agricultural and Food Chemistry журналында жарияланған.