Жемқорлық фактісі туралы тәулігіне 5-6 хабарлама келіп түседі – Олжас Бектенов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам өкілдерінің белсенділігі артып келеді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам өкілдерінің белсендігі артыпкеле жатқанын атап өткен жөн. Агенттік ол үшін қажетті инфрақұрылымды жасапкеледі. Біз аптасына жеті күн тәулік бойы ашықпыз. «1424» сall- орталығыарқылы еліміздің кез келген жеріненжемқорлық фактісі туралы хабарлауға мүмкіндік бар. Күн сайын нақты сыбайласжемқорлық фактісі туралы 5-6 хабарлама келіп түседі. Барлық келіп түскенақпаратқа шұғыл әрекет етеміз», - деді О. Бектенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігі елордадағы балабақшаларда орындарды бөлу жүйесін жаңартудың мақсаттылығын зерттеп жатқанын мәлім болды.