Жемқорлық қоғамның барлық саласында етек жайған – қоғам қайраткері
«Кешегі Президенттің қатысуымен өткен шара маңызды. Себебі қаңтар оқиғасының болуына әлеуметтік түйіткілдер ғана емес, сыбайлас жемқорлықтың да әсері бар. Сыбайлас жемқорлық қоғамдағы барлық сала бойынша етек жайған. Егер сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің осыған дейінгі жұмыс тәжірибесіне қарасақ. Экономикалық ынтымақтасты және даму ұйымы елдерімен жемқорлықпен бірлесіп күресу жөніндегі келісім, басқа да халықаралық қауымдастықтардың тәжірибесі қолға алынды. Яғни соңғы жылдары сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында айтарлық жұмыс істелінді», - деді А. Соловьева.
Сондай-ақ, қоғам қайраткері агенттіктің жемқорлықпен күресте қоғаммен жұмысына қатысты ойын ортаға салды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қаржылық бақылау туралы бекітусіз қолы байлаулы болды. Яғни ешқандай тергеу жүргізе алмайды. Агенттіктің қазіргі басшысы Марат Ахметжановтың қаржылық бақылау жүргізуге рұқсат беруді сұрағаны есімде. Агенттік жанында арнайы мониторингтік топ жұмыс істеді. Аталған топтың міндеті белгілі бір объекті немесе субъектінің қызметін тексеру. Бұрын бұл топ әкімдіктерге қарады, ал қазір оны өз еркіне қоя берді. Сондай-ақ, арнайы құрылған мониторингтік топ экономикалық ынтымақтасты және даму ұйымы елдерімен тығыз жұмыс істеді. Аталған ұйымға мүше елдердің жемқорлықпен күрес тәжірибесі мен заңдарына талдау жасады. Сол сияқты агенттік басшысының айтуынша, сот жүйесіне өзгеріс керек. Егер сотқа өзгеріс енгізбесе агенттік жүргізген қандай реформа болсын нәтиже бермейді», - дейді ол.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңес өткізді.