«Қаржы полициясында бiрiншi кезекте оның жұмысын бағалайтын көрсеткiштер қайта қаралды. Сапа емес, сан қуудан бас тартып отырмыз. Бұл күш-қуатымызды жүргiзiлiп отырған жұмыстың сапасына бағыттауымызға мүмкiндiк бердi», - дедi атап өттi ол.
Оның айтуынша, соның арқасында 2012 жылмен салыстырғанда, өткен жылы жемқорлық қылмыстар жасаған үшiн жауапкершiлiкке тартылған тұлғалардың саны үштен бiрге артқан.
«2013 жылы қылмыстық жауапкершiлiкке ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi С. Шаяхметов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрi М. Өмiрияев, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi төрағасының орынбасары М.Сәдуақасов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының президентi Г. Мырзақұлов, Павлодар облысы әкiмiнiң кеңесшiсi Т. Бастенов, ҚР ТЖМ Мемлекеттiк материалды резервтер жөнiндегi комитеттiң «Резерв» РМК Пайдалану және капиталды құрылыс басқармасының бастығы М. Бiләлов және тағы басқа бірқатар лауазымды тұлғалар тартылды», - дедi ол.
Қылмыстардың басым бөлiгi өкiлеттiлiгiн терiс пайдалану, парақорлық, қызметтiк жалғандық жасау, бюджет қаражатын ұрлау фактiлерiне қатысты болып отыр.