Жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері сыбайластық жасады деген күдікке ілікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері лауазымын теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылғы 26 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің ішкі қауіпсіздік басқармасы мен ҰҚК Қарағанды облыстың департаменті қызметкерлерінің бірлескен шараларының нәтижесінде мемлекет қаражаттарын жымқыруға қатысы бар коммерциялық құрылымдарға заңсыз қолдау көрсетті деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облыстық департаментінің Балқаш өңірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің басшысы ұсталды», - делінген Агенттіктің Фейсбуктегі ресми парақшасында.