Айта кеткен жөн, аталған топтар агенттік пен кәсіподақтар федерациясының бастамасымен құрылған болатын. Ол үшін арнайы автобустар да жасақталды. Мобильді топтар жергілікті жерде, әсіресе, әкімдік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, ішкі істер және мемлекеттік кірістер органдары маңайында азаматтарды қабылдап, жемқорлыққа қатысты түсіндіру шараларын өткізеді. Сол жерде арыз да беруге болады. Екі айдың ішінде мобильді топтардың көмегіне шамамен 2 мың адам жүгінді.
Ал наурыз айынан бері еліміздің барлық аймақтарында өткен кездесулерге 130 мыңнан астам жұмысшы қатысты.