Жемқорлыққа қатысты қандай да бір ақпаратты тікелей ІІМ басшысының телефонына хабарлауға болады

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Венесуэлланың Ішкі істер министрі Мигель Родригес ұлттық телеарнада сөз сөйлеу кезінде өзінің жеке телефон нөмірін берді.

Ол полицейлерді құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық жағдайларымен ұшырасып жатса, тікелей өз телефонына хабарласуға шақырды, деп хабарлайды Би-би-Си.