Бүгін елордада «Сыбайлас жемқорлықсыз - болашаққа!» атты республикалық ақпараттық-насихаттық акцияның басталуына орай өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров осылай мәлім етті.
«Елбасының тапсырмасына орай жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыты ретінде қоғамдық иституттар және халықпен тұрақты түрде жұмыс жасауға бағытталады. Себебі азаматтық қоғамның қатысуының үлесі болмаса, қойған мақсаттарға жету мүмкін емес», - деді ол.
Оның пайымынша, қазіргі уақытта елмізде қалыптасқан құқықтық сана-сезімді арттыру, жемқорлыққа төзбеуді өмірдің әділетті нормасына айналдыру өте маңызды міндет болып отыр. Осы орайда қолға алынып отырған ақпараттық-насихаттық акция жаңа 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бағдарламасы аясында өтеді. Сонымен қатар шара азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, олардық құқықтық білімін көтеру мақсатында қолға алынды.
«Қазіргі таңда ел халқының басым бөлігі жемқорлықпен күресте қоғам мен мемлекеттің күш біріктіруі қажет деген пікірге келіп отыр деп нық сеніммен айтуға болады», - деді агенттік төрағасы.