«Жемқорлыққа - жол жоқ!» - Павлодардағы акция
08:42, 26 Мамыр 2009
ПАВЛОДАР. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы № 25 мектепте «Жемқорлыққа - жол жоқ!» деген тақырыппен ашық сабақ өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті бастығының міндетін атқарушы, қаржы полициясының майоры Темірлан Шонаев пен «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арман Әлиакпаров оқушылармен кездесіп, оларға әлеуметтік қатер саналатын - жемқорлық туралы және біздің қоғамда осынау теріс құбылысқа қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы әңгімелеп берді.Ашық сабақ қаржы полициясы мен нұротандықтар бірлесіп облыс ауқымында жүргізіліп жатқан акция аясында өтіп отыр.