Бұл мәліметтерді бүгін журналистермен болған брифингте аталмыш департаменттің Жемқорлықпен байланысты істерді ашу мен олардың алдын алу басқармасының бастығы Ерлан Рахымбеков жария етті.
Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты болуларына байланысты 74 мемлекеттік қызметкер сотқа беріліп, олардың 15-і бойынша сот үкімі шыққан. «Жемқорлық әрекеттерінің салдарынан мемлекетке келген шығын 40,2 миллион теңгені құрады. Арнайы қолданылған шаралардың нәтижесінде ел азаматтарына 34,4 миллион теңге қайтарылды»,-деді басқарма бастығы.
Оның айтуынша, жемқорлықпен байланысты қылмыстардың ең көп тараған түрі - пара алу болып отыр. Бұл қылмыс түрі бойынша жыл басынан бері 45 қылмыс анықталған.