деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз заңнамада жемқорлар үшін бірде бір мүмкіндік қалмауы үшін барлығын жасайтын боламыз. Үкіметтік және жергілікті шенеуніктер жұмысының ашықтығы, мөлдірлігі, бұқаралық ақпарат құралдары үшін компаниялардың да, бизнестің де барлық іс қимылдарының қолжетімділігі қажет», деп тоқталған Елбасы, осы орайда мығым саяси еркіндік керек екенін айтып өтті.
«Атап айтқанда, бұл саяси еркіндік біздің елдің басшылығында бар. Бұл еркіндік - басқарудың бұдан да ашық жүйесін құрудағы еркіміз, әр азаматтың еркіндігі мен құқын мүлтіксіз сақтауды қамтасыз ету», деді Мемлекет басшысы.
«Конференция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес төңірегінде тәжірибелер ортаға салынып, жаңа ұсыныстар айтылатына кәміл сенемін», деді Н. Назарбаев.