Жемқорлықпен күрес - «Нұр Отанның» маңызды міндеті
Бұл туралы облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев «Нұр Отанның» облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясында мәлім етті.
Интернет арқылы қызмет көрсету халықтың шенеуніктермен қарым-қатынасын барынша қысқартуға мүмкіндік беріп, орын алуы ықтимал сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермейді.
«Сыбайлас жемқорлық көбіне қоғамдық бақылау жоқ жерде орын алып жатады», - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев өз сөзінде.
Партияның облыстық филиалы прокуратурамен, ішкі істер департаментімен, қаржы полициясымен және басқа да құқық қорғаушы және бақылаушы органдармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған. Және бірлесіп жүргізілген тексерулердің нәтижелері партия филиалдарының жандарындағы қоғамдық кеңестерде қаралып отырады.
Өткен екі жылда 760 адам осынау кеңестерге жүгініп, олардың 385-і - заңгерлік кеңес алған, 375-інің арыз-шағымдары уәкілетті органдарға жөнелтілген.