Жемқорлықпен күрес жүйесін таппай отыр ? «Интеллектуалдық меншіктер бюросы» вице-президенті

АЛМАТЫ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жемқорлықпен күрес жүйесін таппай отыр.

Бұл жайлы «Интеллекуалдық меншіктер бюросының» вице-президенті Нина Савицкая бүгін Алматы өткн баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Жемқорлықпен күресті кеш бастағанымызды мойындағанымыз жөн. Оны 5-7 немесе 10 жыл бұрын бастау керек еді. Біздегі жемқорлық жүйелі сипат алып кеткен. Алайда күрес көріністік жағдайда. Сондықтан оны жүйелі түрде жүргізу керек. Біз көп жағдайда бір саладағы жағдайды көреміз де, өзге салаларда не болып жатқанын байқамаймыз. Ал бізде талдау құрылымдары, институттар көп», - дейді Нина Савицкая. Ұлт көшбасшысын әлеуметтік қолдау қоғамдық қозғалысының да жетекшісі саналатын Нина Григорьевнаның айтуынша, «әйтсе де олар елде жемқорлықтың қалай таралып жатқанын бақыламайды. Сол себепті Стратегиялық ресурстардың пайданылуын бақылау агенттігін қайта құру керек. Жеке органдарда құрылып жатқан жемқорлықпен күрес комитеттерінің жұмысы аса тиімді емес».