Жемқорлықпен күрестің жөні бөлек - көшпелі семинар

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылордада облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қыз­меті» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру бөлім­дерінде көшпелі семинар өткізді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу және қызметкерлердің құқықтық білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында өткен бұл семинарда өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары бас­қармасының бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Болатбек Қосмұратов, кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, өртке қарсы қызмет капитаны Әбілда Баекеев жем­қор­лықтың жолын кесу бағытында ат­қарылып жатқан жұмыстармен та­ныстырды. Ал құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Жадыра Мыр­хиева жоғарыдағы өрт сөндіру бөлім­дерінің басшы және жеке құрамына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына слайдтық көр­сеті­лімдер арқылы түсініктеме беріп, семинарға қатысушыларды тол­ған­дырып жүрген сұрақтарына жауап берді.