«Жэньминьван» қытайлық интернет-орталығы «ҚазАқпарат» агенттігін мерейтойымен құттықтады

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «Жэньминьван» сайтының - «Жэньминь жибао» газетінің редакциясының интернет-орталығының президенті Ляо Хун (Liao Hong) «ҚазАқпарат» ХАА 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«ҚазАқпарат» агенттігі ақпараттарды жедел әрі нақты, егжей-тегжейлі жеткізу арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының зор жетістіктерін паш етуде, әлемде болып жатқан негізгі оқиғалар туралы объективті түрде баяндап, елдің ішінде де, сыртында да зор қолдауға ие болуда. Агенттік қазақстандық-қытайлық қарым-қатынастардың дамуына қатысты жаңалықтарды белсенді таратып, ҚХР БАҚ-тарымен ынтымақтастықты нығайтып, екі елдің халқының арасындағы өзара түсіністік пен өзара сенімділікті ынталандыруда.

2012 жылы «ҚазАқпарат» агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімге келгеннен бастап біз өзара ықпалдасу саласында бірқатар тиімді шараларды жүзеге асырдық. Біз бірге күш сала отырып, қазақстандық және қытайлық БАҚ арасындағы ынтымақтастықтың тамаша үлгісіне айналамыз деп үміттенеміз. «ҚазАқпарат» агенттігіне барлық салада дамуды, ал ұжымына мықты денсаулық, табыс, бар арман-тілектерінің орындалуын тілейміз!» делінген құттықтауда.