АСТАНА. ҚазАқпарат - Женева конференциясы Астана келіссөздерінің барлық нәтижесі мен қарарын қаперге алуы тиіс. Бұл жайында ҚазАқпарат сириялық реттеу жөніндегі келісссөздердің қорытындысына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында БҰҰ жанындағы Сирияның тұрақты өкілі Башар Джафари мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Женева конференциясы алдағы кездесу жұмысының негізі болуы үшін «Астана-1» және «Астана-2» кездесулерінің барлық нәтижесі мен қарарларын назарға алуы тиіс», - деді Джафари.
Оның атап өтуінше, әрбір кездесуді бұған дейінгі кездесулер барысында қол жеткізілген нәтижелерді естен шығарып, бәрін қайтадан бастаудың қажеті жоқ.
Сонымен қатар Джафари Сирия қантөгісті болдырмау мақсатында соғысты тоқтату режімін сақтау үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті екендігін баса айтты.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.