Соңғы рет олар мұндай форматта осыдан 14 ай бұрын жиналған болатын. Содан кейін Иран кездесуде қол жеткізген келісімдерден бас тартып, тараптарды тығырыққа тіреген болатын.
Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кэтри Эштонның айтуынша, келіссөзде «ядролық проблемалар және басқа да тақырыптар» сөз болады. Ал Тегран өкілінің айтуынша, «олар өзінің ядролық қызметін «алтылықпен» талқыламайды, тек Батыспен диалогты жандандыру мәселесін ғана талқылауға дайын».