Женевада Қазақстанның 2009-2012 жылдары Адам құқығы саласындағы Ұлттық іс-әрекеттер жоспарының таныстыру рәсімі өтеді

None
АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Желтоқсанның 7-10 аралығында Женевада Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Мәдина Жарбосынованың басшылығымен Қазақстанның ведомствоаралық делегациясы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімді шолу жөніндегі Жұмыс тобының 6-шы сессиясына қатысуы жоспарланып отыр.

 Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында министрліктің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сессияның жұмыс аясында, дәлірек айтқанда желтоқсанның 10-ы - Адам құқығы күніне орай қазақстандық делегация 2009-2012 жылдардағы еліміздің Адам құқығы саласындағы Ұлттық іс-қимылдар жоспарының таныстыру рәсімін өткізеді. Әмбебап мерзімді шолу - бұл БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңес тарапынан бүкіл мүше-мемлекеттердің құқық қорғау саласында өз міндеттемелерін орындау мәселелеріне тұрақты шолу жасау тетігі болып табылады», деді ресми өкіл Е. Ашықбаев.