Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында министрліктің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сессияның жұмыс аясында, дәлірек айтқанда желтоқсанның 10-ы - Адам құқығы күніне орай қазақстандық делегация 2009-2012 жылдардағы еліміздің Адам құқығы саласындағы Ұлттық іс-қимылдар жоспарының таныстыру рәсімін өткізеді. Әмбебап мерзімді шолу - бұл БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңес тарапынан бүкіл мүше-мемлекеттердің құқық қорғау саласында өз міндеттемелерін орындау мәселелеріне тұрақты шолу жасау тетігі болып табылады», деді ресми өкіл Е. Ашықбаев.