Женевада ҚР Елшісі БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысымен кездесті

None
АНА. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат - Тамыздың 25-інде Женевада Қазақстан Республикасының Елшісі, Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшелері жанындағы тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ян Кубишпен кездесті,

деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Комиссия арасындағы екіжақты да, көпжақты да форматтардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

ЕЭК атқарушы хатшысы, әсіресе Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы тұрғысында елімізбен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Я.Кубиш көлік, су ресурстарын тиімді пайдалану, коммуникация, жолдар мен қоршаған ортаны қорғау салаларында ынтымақтастықты жандандыруға шақырып, ЕЭК Қазақстанды БҰҰ ауқымында Орталық Азиядағы әртүрлі жобаларды жүзеге асыруда Комиссияның өзекті әріптесі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Ян Кубиш өткен жылғы ІІ Экономикалық форум аясында Президент Н.Назарбаевпен кездесуін жылы шыраймен еске алып, Мемлекет басшысына өзінің ізгі тілектерін жолдады.