Қалыптасқан дәстүр бойынша, фестиваль аясында көшелерге музыкалық аспаптар қойылады. Ал биылғы жылы осындай 15 құралдың бірі, атап айтқанда пианино су үстінде тұр. Ал оған апаратын трап апта аяғында - ашылу салтанатына орай қойылды.
Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары 40 музыкалық аспап түрін еркін пайдалана алады. Оның 15-і тек Женеваға қойылады.