Женевада жеті жасар қыз жалғыз өзі әуежайға келіп, ұшаққа отырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Женева әуежайында ата-анасынан қашып кеткен жеті жасар қыз ұшақтың бортына билетсіз кіріп кеткен.

Сондай-ақ, ол әуе айлағына пойызбен өзі келген, деп хабарлайды ТАСС.

Женева теміржол вокзалында пойызға отырғызылу кезінде тексеру болмайды. Әуежайдың көпшілік залына кіру де бақыланбайды. Алдын ала дерек бойынша, бүлдіршін қыз «алдындағы ересектермен ілесіп келе жатқан кейіп танытқан».

Ал, әуе кемесінің бортына ата-анасын іздеп жатқан болып кіріп кеткен.