Осылайша, «Көгілдір Оппенгеймер» аукционда сатылған ең қымбат тас атанды.
Бағалы тасты сатып алуға сауданың екі қатысушысы шамамен 20 минуттай таласты. Олар өкілдері арқылы ұсыныстарын телефонмен хабарлады. Сатып алушының есімі белгісіз.
Салмағы 14,62 каратты құрайтын гауһар тасы бұрын Лондонда Diamond Syndicate картелін бақылаған Филипп Оппенгеймервеске тиесілі болған.
Осыған дейін ең қымбат тас «Көгілдір ай» деп аталған. Ол өткен жылы қараша айында «Sotheby's» аукционында 48,6 млн швейцариялық франкке сатылды.