деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі.
"Жеңіл жүрісті әр қыздан оның 5 мың теңгеден алып отырғаны анықталды. Оның қылмысын дәлелдейтін бірнеше іс-шаралар жүргізіліп, айғақтық заттар жинақталды. Қазір сауна әкімшісіне қылмыстық іс қозғалды. Ол екі жезөкшелікпен айналысқан қыздан ақша алу барысында ұсталды. Ұстала сала М. есімді ер адам өз кінәсін мойындады",-деді Алматы қаласының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Танат Назанов.
Жүргізілген іс шара барысында оның екі кішкентай балаларды тәрбиелеп отырғандығы анықталған. Ал оның туған-туыстары оның мұндай іспен айналысып жүргендігінен бейхабар екендігін айтқан.
Қазір оған ҚР ҚК 271 бабының 1-бөлімі бойынша - жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.