НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19-21 шілде аралығында Беларусьтің Брест қаласында жеңіл атлетикадан Беларусь ашық кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, аталғанжарысқа Қазақстан сапынан төрт спортшы қатысады.
Атап айтар болсақ, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруденИслам Аманғос, 1500 метр және 3000метрге кедергілер арқылы жүгіруден Рахымжан Келманов сынға түссе, 3000 метргекедергілер арқылы жүгіруден Дмитрий Иванчуков ел намысын қорғайды. Ал 1500метрге жүгіруден Виктория Сергеева сынға түседі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.