Жеңіл атлетика: Қазақстандықтар Беларусьте екі медаль еншіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Брест қаласында жеңіл атлетикадан Беларусь ашық кубогының алғашқы жарыс күні аяқталып, қазақстандықтар екі медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруденДмитрий Иванчуков күміс медаль жеңіп алды. Ол аталған қашықтықты 8:51.54 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, ҚР спортшебері нормативін орындады.

Осы қашықтыққа жүгіруден әйелдер арасындағы сында ТатьянаНерознак қола медальға қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған кубокқаҚазақстан сапынан төрт спортшы қатысатыны туралы жазғанболатынбыз.

Атап айтар болсақ, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруденИслам Аманғос, 1500 метр және 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден РахымжанКелманов сынға түссе, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Дмитрий Иванчуковел намысын қорғайды. Ал 1500 метрге жүгіруден Виктория Сергеева сынға түсуде.

Жарыс 21 шілдедеөз мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар