ҚР Жеңіл атлетика федерациясының таратқан мәліметтеріне сүйенсек, аталған додада қостанайлық Татьяна Нерознак пен алматылық Алексей Гусаров екі қашықтықта бірдей чемпион атанды.
Алексей Гусаров алдымен 1500 метрде үздік шықса, 5000 метрде тағы да топ жарды.
Ал әйелдерден Татьяна Нерознак 10 шақырымға жүгіруден жеке-дара жеңіске жетсе, 5 шақырымға жүгіруден де алдына жан салмады.
Көктемгі Қазақстан чемпионаты, 1-күн.1500 метрге жүгіру. Ерлер:
1. Алексей Гусаров (Алматы) - 3.58.8 мин;
2. Вадим Левченков (СҚО) - 4.00.3 мин;
3. Слава Чувяков (Қостанай облысы) - 4.00.7 мин.
Ал 5000 метрді Алесей 15.09.3 минутта жүгіріп өтті. Екінші орынға Вадим Левченков ие болса, үшінші орында Жасұлан Әбелов тұр.
Көктемгі Қазақстан чемпионаты, 1-күн.5000 метрге жүгіру. Ерлер:
1. Алексей Гусаров (Алматы) - 15.09.3 мин;
2. Вадим Левченков СҚО)) - 15.19.4 мин;
3. Жасұлан Әбелов (ОҚО) - 15.40.2 мин.
Көктемгі Қазақстан чемпионаты, 1-күн.10000 метрге жүгіру. Әйелдер:
1. Татьяна Нерознак (Қостанай облысы) - 36.29.1 мин;
2. Ольга Богомольская (Павлодар облысы) - 37.37.2 мин;
3. Ақмарал Мейірман (ОҚО) - 37.43.3 мин.
Көктемгі Қазақстан чемпионаты, 2-күн.5000 метрге жүгіру. Әйелдер:
1. Татьяна Нерознак (Қостанай облысы) - 16.58.2 мин;
2. Виктория Сергеева (СҚО) - 18.06.9 мин;
3. Ақмарал Мейірман (ОҚО) - 18.16.1 мин.
Фото: kazathletics.kz