«Жеңіл атлетикадан Қазақстан біріншілігінде «Altay Athletics» клубының спортшы қыздары екі Олимпиада жолдамасын иеленді. Жарыстың екінші күні Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова нормативті орындап, бірі 2 метр, екіншісі 1,96 м биікке секірді», делінген хабарламада.
Ал, Надежда Дубовицкая Азия рекордын жаңартты.
Айта кетерлігі, жеңіл атлет Мария Овчинникова Олимпиада жолдамасын иеленді
Еске сала кетсек, 7-9 маусым аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 241 спортшы қатысып жатыр. Жарыс кестесін qazathletics.kz сайтынан көруге болады.