Эстафетадан Қазақстан командасының сапында Светлана Голендова, Рима Кашафутдинова, Ольга Сафронова, Элина Михиналар сынға түскен болатын. Олар жарысты 10-шы орынмен аяқтады. Бұл 2019 жылдың 28 қыркүйегінде Катардың Доха қаласында басталатын әлем чемпионатына қатысу үшін жеткілікті нәтиже.
Біздің команда өз тобында мәреге бесінші болып келсе, жалпы есепте 10-шы орын иеленді.
Ал аралас командалық эстафетада (Михаил Литвин, Андрей Соколов, Элина Михина, Светлана Голендова) Қазақстан командасы 16 команданың ішінен 16-шы орын иеленіп, көш соңында қалды.
Эстафеталық жарыс түрлерінен әлем чемпионаты 11-12 мамыр күндері өтетінін естеріңізге саламыз.