Жеңіл атлетикадан Қазақстан рекорды жаңарды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Өскеменде өткен Қазақстан чемпионатында жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Кедергілер арқылы жүгіру бойынша 60 м қашықтықта Давид Ефремов жаңа рекорд авторы атанды. Ол тиісті қашықтықты 7.65 секундта бағындырды.

Айта кетерлігі, бұған дейінгі рекорд та Давид Ефремовке тиісті болатын.



Соңғы жаңалықтар