ҚР ҰОК-тінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қызылордалық Галина Панасенко мен петропавлдық Кристина Морозова екі жолдаманы еншіледі.
Еске сала кетейік, азия аймақтық іріктеу турнирі 4-5 шілде күндері Бангкокте өткен болатын.
Галина Панасенко 2000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруде төртінші орын иеленсе, Кристина Морозова 5 шақырымға созылатын спорттық жүрісте төртікке енген. Бұл екі бағдарламада екі жолдама ойнатылған болатын. Алайда, халықаралық федерация төртінші орын иемденген қазақстандық спортшыларға шақырту жіберді.
Осылайша, жеңіл атлеттер 6-18 қазан аралығында Аргентина астанасында өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады.