Әйелдер арасында 60 метрге жүгіруде Виктория Зябкина 7.32 секундтық нәтижемен алтын, Ольга Сафронова (7.43 секунд) қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер арасында 400 метрге жүгіру сынында отандасымыз Елена Микина алдына жан салмады. Елена 53.37 секундтық нәтижемен жеңімпаз атанды. Ал ерлер арасындағы бәсекеде Михаил Литвин (46.51 секунд) үшінші орынды қанағат тұтты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ольга Рыпакова мен Мария Овчинникова әйелдер арасында үш қарғып секіруден 1 алтын, 1 күміс медаль еншілеген болатын.