АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда үстіміздегі жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 565 077 жеңіл автокөлік тіркеуден өткен, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 70,8%-ға артқандығын көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика комететіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, елімізде 4008 мың бірлік жеңіл автокөлік тіркелген. Сол сияқты осы уақыт аралығында 9669 жол -көлік оқыс оқиғасы тіркелген, бұл өз кезегінде өткен жылмен салыстырғанда 8,7%-ға азайған. Ал зардап шеккен адамдардың саны 13 813 құрады.
Сонымен қатар, сақтандыру ұйымдары көлік иелерімен 15,4 млрд теңге сомасына есептелген 41 040 сақтандыру төлемдерін жүргізді.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.