Жеңіл моторлы екі ұшақ Калифорнияда апатқа ұшырады
09:17, 28 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния маңында екі шағын жеңіл моторлы ұшақ қақтығысты, біреуі теңізге құлап, екіншісі шұғыл жерге қонды.
KTLA телеарнасының мәліметі бойынша, аталған жағдай Сан-Пабло-Бэй шығанағының үстінде болған.
Арнаның ақпараты бойынша, ұшақтың бірін ұшқыш Аамадор аймағында қондырса, екіншісі суға құлаған.
Биліктегілер әзірге құлаған ұшақта болған адамдар жайлы ешқандай ақпарат ала алмай отыр. Бір сағаттық іздеуден кейін құтқарушылар ұшу аппаратының сынықтарын тапты. Бұл шараға тоғыз құтқару қайығы мен екі тікұшақ жұмылдырылды.