«Көргенше асығып отырмын! Бұл журналисті жеңгенің жақсы, өйткені GGG сен үшін тым қауіпті!» - деп бұл жаңалыққа пікірін білдірді Мэтьюстің әріптесі Том Фаррелл (11-0, 3 КО).
«Ха-ха-ха! Головкинді ұрып-жығамын! Ал Фостермен айқасқа кәсіби жарыс деп қараймын!» - деп жауап берді твиттерінде оған Мэтьюс.
Еске салсақ, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) маусымда британдық WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) кездесуі тиіс болған, алайда бұл айқас болмайтын сыңайлы. GGG қыркүйекте өтетін мексикалық Сауль Альвареске (48-1-1, 34 КО) қарсы жарысқа әзірленбек.