Қайғылы оқиға Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында орын алған. ИТАР-ТАСС ақпаратына қарағанда, оқиға салдарынан әуе кемесінің бортында болған әйел қаза тапқан, ал екінші жолаушының жағдайы өте ауыр. Ол ауруханаға жеткізілген. Абырой болғанда, автотұрақтағы адамдардың ешқайсысы да зардап шекпеген.
Ұшақтың құлауына ұшқыш әйелдің қателікке бой алдыруы себеп болуы мүмкін. Ұшақ ғимарат құрылымның бір бөлігіне іліп кетіп, соның салдарынан апатқа ұшыраған.