Жеңіл және жүк көліктері соқтығысып, бес адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні кешке қарай Солтүстік Қазақстан облысындағы «Петропавл-Астана» көлік жолының 152-ші шақырымында «Фольксваген» автомобилі мен жүк көлігі соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Фольксвагеннің» жүргізушісі мен оның 23, 39, 40 және 44 жастағы төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.