Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды және Қазақстан аймақтарында автобустарды жаңартуға шамамен 30 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Отандық өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарлануда. Мәселен, халық үшін сатып алу шарттары 0%-дан бастап бастапқы жарна, несие мерзімі 7 жылға дейін, сатып алушы үшін 1 бірлік автокөлік үшін несиенің максималды сомасы 10 000 000 теңгеден аспайды»,-делінген хабарламада.