ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алаяққа алданып қалған 31 жастағы семейлік полицияға хабарласқан. Өз сөзінде ол шаһардағы азық-түлік дүкендерінің бірінде белгісіз біреудің әңгімеге тартып, жылжымайтын мүлікті жеңілдетілген бағада сататындығын айтқанын жеткізді.
Әйел адамға сеніп қалған жәбірленуші 500 000 теңге ақшасын бере салған. Алайда араға біраз уақыт салып алаяқтың тұзағына түскенін түсінді.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері Семей қаласының 44 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.