Қызмет қазіргі уақытта қанатқақты режім түрінде Астана қаласының тұрғындарына қолжетімді.
«ҰАТ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы анықтаманы алу үшін порталды қолданушыға тек қана өтініш білдіруші немесе оның туысының жеке сәйкестендіру нөмірі керек.
Қорғаныс министрлігінің дерекқорында мәліметтер бар болған жағдайда, сауал жіберілгеннен 5 минуттан кейін, жеңілдіктер жайлы анықтама электрондық түрде пайдаланушының жеке кабинетіне түседі. Егер электрондық қорда мәліметтер болмаған жағдайда, азамат жергілікті қорғаныс істер басқармасына баруы қажет.
Айта кетсек, жергілікті уәкілетті органда анықтаманы алу қызметінің мерзімі бес күнге дейін созылады.
Қызмет «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарының, «Жұмыссыздарға, ауыл тұрғындары және ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге көмек» бөлімінде орналасқан.
Толығырақ ақпаратты http://8b.kz/EIfj сілтемесі арқылы, сонымен қатар, тәулік бойы жұмыс атқаратын Бірыңғай байланыс орталығынан 1414 нөмірі арқылы білуге болады. Ұялы немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.