Жеңіліп көрмеген америкалыққа Головкинмен кездесу туралы кеңес берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - USA Today Sports журналисі Майк Коппинджер америкалық боксшы Деметриус Андраденің (24-0, 16 КО) үлкен айқасқа шығу керектігін айтты, деп жазды Sports.kz .

Оның ықтимал қарсыластарының бірі ретінде журналист қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) атады.

«Андраденің өзі де біледі, 154 фунтпен ринге шығу ұзаққа созылмайды. Келесі жылы ол орта салмаққа өтеді. Оның жасы 29-да, алайда бұл бокс жұлдызы атанып, үздік P4P-боксшылар тізіміне енуге кедергі келтірмейді. Бұл үшін ол өткен кездесу секілді Германияда емес, миллиондаған ақша үшін АҚШ-та Головкин, Канело секілді үздік P4P-боксшылармен кездесу өткізуі тиіс», - деп жазды автор.

Бұған дейін Андраденің өзі де 160 фунтқа өтіп, Головкинмен қолғап түйістіргісі келетінін мәлім еткен еді.