Жеңіліп көрмеген боксшы Әшкеев келесі айқасы қашан өтетінін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің (8-0, 4 КО) кезекті айқасы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандасымыз 9-шы айқасын келесі жылы 3 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткізбек. Бұл туралы боксшы Инстаграм желісінде «Көптен күткен жаңалық та келді. Келесі жекпе-жегім қашан өтеніні белгілі болды. 3 наурыз. Нью-Йорк. Мэдисон Сквер Гарденде. Қазір сол жекпе-жекке дайындық қызу өтіп жатыр», - жазды.

Бұл күні басты жекпе-жек ресейлік Сергей Ковалев пен отандасы Игорь Михалкин арасында өтеді. Ал әзірге Әшкеевтің кіммен жұдырықтасатыны белгісіз.