Жеңіліп көрмеген британдық боксшы Жақияновпен бірге жаттығып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Марк Хеффрон (17-0, 13 КО) WBA (Super) нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпион, қазақстандық Жанат Жақияновпен (27-1, 18 КО) жаттығу барысында түскен фотосуреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Екі боксшы да жаттықтырушы Рикки Хаттонның жетекшілігімен Манчестерге таяу орналасқан залда жаттығып  жатыр.

 «Бүгін таңертең ауыр жаттығу кезеңі болды. Айқасқа дайындалып жатырмыз. Жанат Жақияновпен кездескеніме қуаныштымын», - деп жазды Хеффрон твиттердегі парақшасында.

21 қазан күні Белфаста (Солтүстік Ирландия) Жақиянов жергілікті боксшы, IBF  титулының иегері Райан Барнеттпен (17-0, 9 КО) айқас өткізеді.