Қазіргі уақытта Лэнгфорд - WBO бойынша уақытша әлем чемпионы атағына үміткер. Егер ол 22 сәур күні грузиялық Автандил Хурцидзеден (32-2-2, 21 КО) басым түссе, ұйымның уақытша чемпионы атанады.
WBO қазіргі чемпионы Сондерс, ал Головкинге орта салмақ атақтарын жинау үшін дәл осы белбеу жетпей тұр.
"Мен Сондерс үшін міндетті үміткер бола аламын. Билли Джо Головкинмен теке-тіреседі деген үміттемін. Мен де уақытша чемпион атағы үшін жекпе-жегімді сәтті өткізуге тырысамын. Головкин - Сондерс айқасының жеңімпазы менімен кездесетін болады! Мен Биллидің тас-талқанын шығарамын!" - деді Лэнгфорд.