Еске салайық, Табынбаев Мәскеудегі бокс кешінде үндістандық Исрар Усманимен (5-1, 5 КО) айқасып, оны бірінші раундта нокаутқа жіберді. Бұл Елхан Табынбаевтың кәсіби мансабындағы төртінші жеңісі. Ол жастар арасында WPBF тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы екінші деңгейлі титулға ие болды.
22 жастағы қазақстандық BoxRec рейтингінде 787-ші орыннан 682-ші орынға көтерілді.