НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жартылай орта салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібайдың (8-0, 2 КО) кәсіпқой рингке қашан шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
BoxRec.com мәліметінше, Шыңғысханның келесіжекпе-жегі 14 қыркүйек күні АҚШ, Вирджиния штатының Стерлинг қаласындағы DullesSportsplex аренасында өтеді. Оның қарсыласы кім екені әлі белгісіз.
Айта кетейік, ШыңғысханТәжібай 2018 жылдың күзінен бері рингке шыққан жоқ. Ол соңғы рет 2018 жылдың 27қазанында Американың Мэриленд штатындағы Форт Вашингтон қаласында жергіліктібоксшы Хуан Родригесті (8-15-1, 6 КО) жеңген болатын.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.