Жекпе-жек Малвэйн қаласында өтеді (Канзас штаты). Отандасымыздың қарсыласы әзірге белгісіз, айқас сегіз рандқа есептеліп отыр.
Сондай-ақ, осы кеште рингке Қазақстанның тағы бір өкілі, ауыр салмақтағы боксшы Ізім Ізбақи (1-0, 1 КО) шығады. Ол алты раундтық айқас өткізбек. Оның қарсыласы де кейінірек анықталады.
Бұдан бөлек, осы шоудың аясында Германияның атынан Қазақстанда туған Кристина Хаммер (23-0, 10 КО) орта салмақта айқас өткізеді.