BoxRec.com басылымының хабарлауынша, Тұрсынғалиевтің келесі айқасы 12 шілде күні Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel and Casino аренасында болады. Қарсыласы әзірге белгісіз. Жартылай жеңіл салмақ санатында өтетін кездесу 8 раундқа шақталған.
Бокс кешінде тағы бір қазақ боксшысы Иван Дычко (8-0, 8 КО) рингке көтеріледі, оның қарсыласы бразилиялық Рафаэль Зумбано (39-16-1, 31 КО) болмақ.
Еске сала кетейік, Мұса соңғы жекпе-жегін де дәл осы аренада өткізген болатын. 1 наурыз күні ол америкалық Винсент Дженнингсті (6-7-2, 4 КО) ұпай санымен жеңген.